Оралдағы кездесуде QazTrade сарапшылары бизнеске оқыту, сауда-экономикалық миссияларға, халықаралық көрмелерге, сондай-ақ акселерациялық бағдарламаларға қатысу бойынша қолдау бағдарламасын таңдауды ұсынды.

Осылайша, экспорттық акселерация қазақстандық шикізаттық емес компанияларға шетелдік нарықтарды тиімді игеруге көмектеседі. Биылғы жылы азық-түлік, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау және қызмет көрсету секторларының 110 кәсіпорны осы бағдарламаға қатыса алады. «QazTrade» Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиеваның айтуынша, үміткерлерді іріктеу 2023 жылдың 24 ақпанына дейін жалғасады.

«Қазақстан жасалған» тауарларын жылжытудың тағы бір өзекті құралы - халықаралық Alibaba.com электрондық сауда платформасына шығу. Мемлекет отандық тауар өндірушілер мен сауда компанияларына өз өнімдерін осы алаңда сатуға мүмкіндік береді. Міндетті шарт - дайын өнімнің және өз сайтында цифрланған мазмұнның болуы.

2020-2022 жылдары Alibaba.com-да аккаунттарды мемлекет есебінен 220 компания мен экспорттаушы алды. Өткен жылы Халықаралық платформада Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылды. Мұнда алтын жеткізуші мәртебесінде 130 қазақстандық компания ұсынылған, олар сатуға 7500-ден астам тауар шығарады.

«QazTrade бұл бағдарламаларды төртінші жыл іске асыруда, осы уақыт ішінде оларға 500-ге жуық қазақстандық компания қатысты. Біздің бағдарламаларға қатысушылардың жиынтық сатылымы 2022 жылы 800 млн. доллардан асты», - деп атап өтті Әсел Егембердиева.

Қазіргі және әлеуетті экспорттаушыларды оқыту үшін QazTradeAcademy.kz білім беру платформасы құрылды, оған барлық сауда бағыттары бойынша онлайн және офлайн курстар кіреді. Қазір электронды алаңда 64 оқыту курсы ұсынылды.

Қолдау шаралары ретінде экспорттаушы компаниялар сауда-экономикалық миссияларға қатысуды ұйымдастырады. Қазақстандық делегация құрамындағы кәсіпкерлер шет елдердің мемлекеттік мекемелеріне, сауда желілеріне, қоймаларына, ұлттық компанияларына барады, сатып алу қабілетін зерттеу үшін әлеуетті серіктестермен кездеседі. Биыл сауда-экономикалық миссиялар 10 елде өтеді, ал Қазақстан Республикасының ұлттық стенді Шанхай қаласында өтетін халықаралық көрмеде ұсынылады.

«Мемлекеттік қолдау шараларының басты нәтижесі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін жақсарту және қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық дайындығын арттыру болады», - деп түйіндеді А. Егембердиева.

Ақпан айының соңына дейін QazTrade сарапшылары еліміздің барлық өңірлерінде шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

2022 жылдың 11 айында отандық кәсіпорындар өңделген тауарларды 23,9 млрд.долларға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 33,2%-ға артық экспорттаған болатын.