Каспий итбалығы популяциясын сақтау мақсатында қазіргі таңда бірқатар шаралар іске асырылуда. Осылайша, Мемлекет басшысының «Каспий итбалығы популяциясын сақтау мақсатында табиғи резерват құру» тапсырмасын орындау шеңберінде резерват құрудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы әзірленді және әрі қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалатын болады.

Қазіргі уақытта 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді қаржыландыру көзделген.

Жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздеме бойынша 2024 жылдың шілдесіне дейін Каспий теңізінің акваториясында заңды тұлға нысанында мемлекеттік табиғи резерват құру жоспарлануда.