Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 48 мың оқушыға арналған 16 білім беру ұйымы ашылды, оның тоғызы Астанада орналасқан. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 19 мың оқушы орнына арналған 15 мектеп пайдалануға берілді, сондай-ақ мектеп құрылыстары республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен жүзеге асырылуда.

224 мектепте күрделі жөндеу аяқталды, тағы 1000 ауылдық мектеп жеті бағыт бойынша жаңғыртудан өтуде: күрделі және ағымдағы жөндеу, пәндік кабинеттермен жарақтандыру, мектеп жиһаздарын, асханаларды, кітапханаларды жаңарту, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жақсарту. Бұдан басқа робототехника, химия, биология, физика және STEM-зертханалар бойынша 1383 пәндік кабинет сатып алу жоспарлануда.

Соңғы үш жылда елімізде 435 мың оқушыға арналған 689 мектеп пайдалануға берілді.