1500 оқушыға арналған мектеп заманауи стандарттар бойынша жабдықталған және қалалық мектептерден кем түспейді. Аталған мектеп 68 оқу кабинетімен, STEM-зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залмен, спорт залдарымен, демалыс және нетворкинг орталықтармен жабдықталған.

Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін барлық жағдай қарастырылған, әр оқушы үшін жеке шкафтары бар. Сонымен қатар барлық оқу кабинеттері жаңа технологиялармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған, бұл оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Бұл – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысының ауылдық жерлерінде салынған бесінші мектеп. Жалпы, биылғы жылдың басынан бері елімізде 36 жайлы мектеп пайдалануға берілді, оның 15-і ауылдық елді мекендерде орналасқан.