Қазіргі уақытта мектепте 825 оқушы білім алып жатыр. Оларға 68 педагог қызмет көрсетуде, оның ішінде 7 мұғалім ауысу тәртібімен келген. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін сенсорлық кабинет, логопед, дефектолог және психолог кабинеттері соңғы үлгіде жабдықталған.

Биыл Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 13 мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде Ақтау қаласының 17, 19 және 33-ші шағын аудандарында, сондай-ақ Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы Хазар шағын ауданында 4500 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталды.