Фестивальде экономика үшін стратегиялық маңызды бар 15 бағыт бойынша өндірістік көрмелер ашылды. Мұндағы әрбір көрме нарық талаптарына бейімделген жаңа технологиялар, жабдықтар және білім беру бағдарламалары бойынша жетекші кәсіпорындар мен кәсіптік білім беру ұйымдарымен ұсынылды.
Мәселен, әрдайым көмекке келуге дайын ит секілді зерттеуші робот. Ол кіріктірілген камераның көмегімен жетуге жолы қиын жерлерді тексеріп, жұмысқа қажетті ақпаратты адамға тез жібереді.
Басқалары адамдарды құтқарады. Алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен жабдықталған дәрігер бұрышында мамандардың жұмысымен танысып, зардап шегушіні аман қолдан демалдырып көруге болады.
Сонымен қатар, көрмеде жас мамандар кәсіптерінің қыр-сыры туралы баяндады, оның ішінде әке жолын қуған жандар да бар.
Локомотив машинисі Азамат Қайратұлы – теміржолшылар әулетінің өкілі. Оның әкесі 20 жылдан астам уақыт бойы теміржолда машинист болып істеген. Ал Азамат колледжді бітіргеннен кейін еңбек жолын Астанада локомотивтерді тексеру және жөндеу бойынша слесарь ретінде бастаған. Одан кейін машинистің көмекшісі болған, ал 2019 жылдан бері жүк пойыздарын жүргізеді.
«Мен өз мамандығымды жақсы көремін және бағалаймын. Машинист болу жоғары техникалық білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар үлкен моральдық күшті қажет етеді. Локомотивтерде заманауи технологиялық шешімдер енгізілген, машинистің денсаулығына әсер ететін зиянды факторлар азайды, басқару жеңілдетілді, кабинеттер жайлы. Әдете, машинистер назардан тыс қалады: теміржолда адамдармен жұмыс істейтін негізгі мамандық – жолсерік. Мұндай формат, мұндай алаң оқушыларды кәсіптің ерекшелігімен таныстыруға мүмкіндік береді», – деді Азамат Қайратұлы.
Фестивальде 40-қа жуық тақырыптық үй ұсынылған. Құрылысшылар көшесінде Шатыршылар мен ағаш ұсталар үйі бар.
Оған Алматы құрылыс-техникалық колледжінің оқытушысы Акимкали Карасов жетекшілік етеді. Оның өндірістік оқыту тәжірибесі 20 жылдан асады.
«Біз ағаш ұстасынан бөлек жиһаз өндірісін де қолға алдық. Сондай-ақ кішкентай балалар баратын балабақшалар мен ұйымдарға демеушілік көмек көрсетеміз. Қазір жиһаз ағаштан және пластиктен жасалады. Бірақ көбіне біздің жиһазды таңдайды, өйткені бұл экологиялық таза өнім. Сонымен қатар, біз жиһазды балалар жарақат алмайтындай етіп өңдейміз», – дейді Акимкали Карасов.
Оның айтуынша, жастар ағаш ұстасы мамандығына қызығушылық танытады. Жыл сайын 30-40 талапкер келеді, бірақ іріктеуден өткен 25-і ғана қабылданады. Оның ішінде қыздар да бар.
Орманшы үйінде Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің 4- курс студенті Григорий Прядко бұл мамандықты неге таңдағанын айтып берді.
«Бұл мамандықты таңдауыма отбасым ықпал етті. Менің әкем де орманшы. Ол маған орманшы болуды ұсынды. Мен бұл идеяны қолдадым, мен орманда өстім десем болады, оқыған мектебім де орманда орналасқан. Менің өмірім орманмен байланысты. 8-сыныптан бастап ойланып, 10-сыныптан кейін Орман шаруашылығы колледжіне өзім қалағандай оқуға түстім», - деді Григорий Прядко. Ол оқуды бітірген соң қолданбалы бакалавриат курсынан өтуді жоспарлап отыр.