Бүгін Наурызнама онкүндігі аясында Қайырымдылық күні атап өтіледі. Қиыншылыққа тап болған жанға мейірімділік танытып, қол ұшын созу қазақ халқына тән қасиет, бұл игі істер дәстүрінің жалғасы. Бұл құндылықтар баршамызды біріктіріп, қуат береді.