Сұхбат форматы жоба презентациясын өткізуді көздеді. Кандидаттар таңдалған салалық бағыт бойынша өзекті мәселені белгілеп, оны шешудің практикалық жолдарын ұсынып, күтілетін нәтижелерді ұсынуға тиіс болды.
Сарапшылық комиссиясының құрамына Агенттік Төрағасы, Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері, мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ тиісті салалық бағыттар бойынша тәуелсіз сарапшылар кірді.
Әңгімелесу рәсімінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оны өткізуді қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қадағалады.
Отырыстардың қорытындысы бойынша Сарапшылық комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылған кандидаттардың тізімін қалыптастырды.