Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

04.02.2025

Жарияланымдар · 8

Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Президентке қаржы нарығын дамыту саласының былтырғы қорытындылары туралы есеп берілді.

16:49Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.

15:22Жаңалықтар

Әділет органдарын цифрландыру туралы

АҢДАТПА!

11:29Баспасөз хабарламалары

Қазақстанда жолдарды басқару үшін «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы әзірленеді

Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев елімізде жол инфрақұрылымын басқаруды жаңғырту үшін негіз болатын «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы енгізілетінін айтты. Платформа қолданыстағы цифрлық жүйелерді біріктіреді және барлық автомобиль жолдары – халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық жолдар туралы ақпаратты жинау және есепке алу үдерістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:34Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

10:31Мемлекет басшысының қызметі

2025 жылы жаңа магистралдар құрылысы мен 13 мың шақырым жол жөндеу жұмысы басталады

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында 2025 жылы жөндеу жұмысы 13 мың шақырым жолды қамтитыны жоспарланғанын айтты. Оның 9,5 мың шақырымы қажетті қаржымен қамтамасыз етілген, қалған шақырымын қаржыландыру мәселесі пысықталуда. Жаңа жобалар бойынша құрылыс маусымы басталғанға дейін мердігерлерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер өткізіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 94%-ды, ал жергілікті жолдарда – 91%-ды құрайды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:18Жаңалықтар

Мүгедектікті белгілеу бойынша 8,5 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

2024 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 8,5 мыңнан астам өтінім қаралды. Бүгінгі күні сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:11Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 27,5 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 60,5 мыңнан астам адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 27,5 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:10Президенттің тапсырмалары