Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

03.02.2025

Жарияланымдар · 8

Өңірлерде қазақ киносының күндері басталды

Аталған іс-шара аясында көрермендер ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген фильмдермен таныса алады. Кино көрсетілімдері Қарағанды қаласынан басталды. Алдағы уақытта басқа да қалалар мен ауылдық елді мекендерді қамтиды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:11Жаңалықтар

Су тасқынынан қорғау: өңірлердің дайындығы

Өңірлерде алдын алу шаралары мен инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оларды іске асыру барысын жергілікті жерлерде ТЖМ бөлімшелері бақылайды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттар аясында іске асырылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

14:50Аймақтар жаңалықтары

Сот төрелігі академиясы түлектерінің 95%-дан астамы емтиханды сәтті тапсырып, судьялар қатарын толықтырады

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы түлектер арасынан судьяларды тағайындаудың оң динамикасына қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

12:10Жаңалықтар

Сот төрелігі академиясы магистратураға түсу үшін емтихан тапсыру күндерін жариялады

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына магистратураға түсу үшін емтихандар 5-22 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы Академияның вице-ректоры Қанат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы: кандидаттарға қандай талаптар қойылады

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин Академияға түсу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар тізбесін атап өтті. Айта кетерлігі, құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 29 шілде аралығында Академия ғимаратында да, «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн режимде де жүзеге асырылады.

11:50Жаңалықтар

Сот төрелігі академиясы – елдің сот жүйесі үшін білікті кадрлар даярлайтын негізгі оқу орны

Академия ҚР Жоғарғы Сотының жанында жұмыс істеуі есебінен оқыту мен сот практикасының өзара байланысын күшейту мақсатында Мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлінген Сот төрелігі институтының базасында құрылды. Сот жүйесін әрі қарай реформалау үдерісі аясында 2024 жылғы 15 шілдеден бастап Сот төрелігі  академиясы Жоғарғы Соттан Жоғарғы Сот Кеңесінің  қарамағына берілді. ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин ОКҚ брифингінде білім ордасының басты міндеттері жайында баяндады.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда мектептердің рекордтық саны салынды: оқушы орны тапшылығы мен білім инфрақұрылымын жақсарту қалай шешілуде

Қазақстанда екі жылда 32 апатты және 71 үшауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығы жойылды. Оған осы уақыт аралығында қолданысқа берілген мектептердің рекордтық саны ықпал етті – жарты миллион оқушы орнына арналған 422 мектеп салынды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:55Жаңалықтар

2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды

2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн қазақстандық жалпы сомасы 958,3 млрд теңгеге бес әлеуметтік тәуекел бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:40Жаңалықтар