Академия ҚР Жоғарғы Сотының жанында жұмыс істеуі есебінен оқыту мен сот практикасының өзара байланысын күшейту мақсатында Мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлінген Сот төрелігі институтының базасында құрылды. Сот жүйесін әрі қарай реформалау үдерісі аясында 2024 жылғы 15 шілдеден бастап Сот төрелігі академиясы Жоғарғы Соттан Жоғарғы Сот Кеңесінің қарамағына берілді. ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин ОКҚ брифингінде білім ордасының басты міндеттері жайында баяндады.