ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин Академияға түсу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар тізбесін атап өтті. Айта кетерлігі, құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 29 шілде аралығында Академия ғимаратында да, «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн режимде де жүзеге асырылады.