Күн жаңалықтары
05.02.2025
Жарияланымдар · 9
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысы туралы
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды кампаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды.
ҚР Әділет министрлігінің өкілі «Е-заң көмегі» цифрлық жобасы туралы айтты
Бұл жүйе адвокаттық қызметті және заң кеңесшілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған. ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жобаны жүзеге асыру барысы туралы айтты.
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сату бойынша нотариаттық мәмілелерді онлайн жасау жоспарланған
Әділет министрлігі e-notary платформасында жылжымайтын мүлікті онлайн сатуды бастамақ. Енді азаматтар онлайн ипотека рәсімдейтін болса, банктерге барудың қажеті болмайды, бейнеқоңырау арқылы нотариуспен байланысып мәміле жасауға болады. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Қазақстандықтар жасанды интеллекттің көмегімен заңгерлік кеңес ала алады
Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық кеңес беретін жасанды интеллект элементтері бар чат-ботын әзірледі. Қазір ол Zan Komegi мобильді қосымшасының негізінде жетілдіріліп, тәжірибелік ортада тестілеуден өткізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді.
Робот жеке сот орындаушысы азаматтардың ақшасын үнемдеуге мүмкіндік береді
ҚР Әділет министрлігі Робот жеке сот орындаушысын енгізіп жатыр. Бұл жаңашылдық қазақстандықтардың өтініштеріне байланысты қабылданды. Азаматтар айыппұлды уақытында төлей алмаған жағдайда жеке сот орындаушысына қарыздың 25%-ын төлеуге мәжбүр болды. Робот бұл ақшаны үнемдеуге және қарызды уақытында төлеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты.
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Өзбекстан 1 қазанға дейін Қазақстанға 16 млрд текше метр су жібереді
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев екіжақты су ынтымақтастығын тереңдету жөніндегі бірлескен жұмыс тобының 12-ші отырысында осы жөнінде келісімге келді.
Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.