Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

06.02.2025

Жарияланымдар · 8

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, оны Грузия Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады және грузин халқының өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

17:01Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанға келген қытайлық туристер саны айтарлықтай өсті

2024 жылы елімізге көрші Қытай мемлекетінен келген туристер легі 655 мың адамды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп. Көрсеткіш Қытай азаматтарының мәдени және табиғи мұрамызға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды. Бұл өзара іс-қимылға берік негіз болды. ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында осылай деді.

15:00Жаңалықтар

Қытайда 10 ірі Қазақстанды таныстыру шарасы ұйымдастырылды

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылында екі елде ай сайын іскерлік және мәдени іс-шаралар өтіп тұрды. Жыл бойы Қазақстан ITB China, ITE Hong Kong, COTTM және China International Medical Tourism Fair сияқты төрт туристік көрмеге қатысты. Оған қатысу Қазақстанға Қытайдың жетекші туроператорларымен 50-ден астам жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік берді. Бүгінде олардың кейбірі Қазақстанды өз каталогтарына енгізді. Сондай-ақ пресс-турлар мен таныстыру сапарлары ұйымдастырылды. Бұл – жарнамалаудың ең тиімді құралдарының бірі. Бұл жайында ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ брифингінде хабарлады.

14:50Жаңалықтар

«Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» екі ел арасындағы ынтымақтастықты едәуір арттырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында 2024 жыл «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» болып жарияланған. Туризм жылы аясындағы іс-шаралар саяхатшыларға жаңа мүмкіндіктер берді. Сондай-ақ туризм индустриясы өкілдеріне серіктестік байланыстарды нығайтуға жол ашты. ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында атап өткендей, туризм жылының негізгі мақсаты Қазақстанды Қытай азаматтары үшін туристік дестинация ретінде танымал ету болды.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Үкіметте атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөнінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:48Жаңалықтар

2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 59 мыңнан астам қызмет алды

2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 59,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 37 мың оңалтудың техникалық құралдарын, 4,3 мың – ымдау тілі, 17,6 мың – жеке көмекші мен 0,7 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі…

09:17Жаңалықтар

Венгрияға әуе қатынасы кеңеюде

ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:12Президенттің тапсырмалары

Қанат Бозымбаев су тасқынына дайындықты, Түркістан облысындағы гидротехника құрылыстары мен су қоймаларының жағдайын тексерді

Өңірде қысқы-көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті инженерлік іс-шаралар өткізілді. 9 өзен арнасы, 461 шақырым арық (1203 нысан), жалпы ұзындығы 654 шақырым 165 канал және 30 шақырым су өткізу құрылыстары тазартылды. 68,2 шақырым дренаждық арналар механикалық тазартудан өтті. Осылайша, 20 ауылдық елді мекен су басу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:01Жаңалықтар