Қытайдағы Қазақстан туризмі жылында екі елде ай сайын іскерлік және мәдени іс-шаралар өтіп тұрды. Жыл бойы Қазақстан ITB China, ITE Hong Kong, COTTM және China International Medical Tourism Fair сияқты төрт туристік көрмеге қатысты. Оған қатысу Қазақстанға Қытайдың жетекші туроператорларымен 50-ден астам жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік берді. Бүгінде олардың кейбірі Қазақстанды өз каталогтарына енгізді. Сондай-ақ пресс-турлар мен таныстыру сапарлары ұйымдастырылды. Бұл – жарнамалаудың ең тиімді құралдарының бірі. Бұл жайында ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ брифингінде хабарлады.