Күн жаңалықтары
07.02.2025
Жарияланымдар · 5
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесті
Еліміздің бизнес қоғамдастығымен өткен кездесу мемлекет пен экономиканы дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің мақсат-ниеті бір екенін көрсетті. Президент айқындаған стратегиялық міндет – экономиканы нығайту арқылы Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөлін сақтау және күшейту. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл міндет ұлттық идеяның маңызды элементіне айналуға тиіс.
Мемлекет басшысы Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуде ҚҚС мәселесіне қатысты ойын жеткізді. Мемлекет басшысының айтуынша, Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс.
40 инфекция бойынша сырқаттанушылықты төмендетуге қол жеткізілді
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұрақты негізде 94 инфекцияға мониторинг жүргізді. 2024 жылы инфекциялық аурулардың көпшілігі бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Еңбек министрлігі: 9,3 мың қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды
2025 жылдың басынан бері 9,3 мың азамат, оның ішінде 7,6 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 513,4 мың қазақстандық тіркелген, оның 14,7 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 420,2 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Активтерді қайтару: Жетісу облысы Көксай ауылында жаңа мектеп салынады
Үкімет Мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Арнайы мемлекеттік қордан Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп салу үшін 1,4 млрд теңге қаржы бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.