2025 жылдың басынан бері 9,3 мың азамат, оның ішінде 7,6 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 513,4 мың қазақстандық тіркелген, оның 14,7 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 420,2 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.