2024 жылы елімізге көрші Қытай мемлекетінен келген туристер легі 655 мың адамды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп. Көрсеткіш Қытай азаматтарының мәдени және табиғи мұрамызға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды. Бұл өзара іс-қимылға берік негіз болды. ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында осылай деді.