Өңірде қысқы-көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті инженерлік іс-шаралар өткізілді. 9 өзен арнасы, 461 шақырым арық (1203 нысан), жалпы ұзындығы 654 шақырым 165 канал және 30 шақырым су өткізу құрылыстары тазартылды. 68,2 шақырым дренаждық арналар механикалық тазартудан өтті. Осылайша, 20 ауылдық елді мекен су басу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды Primeminister.kz.