Әділет министрлігі e-notary платформасында жылжымайтын мүлікті онлайн сатуды бастамақ. Енді азаматтар онлайн ипотека рәсімдейтін болса, банктерге барудың қажеті болмайды, бейнеқоңырау арқылы нотариуспен байланысып мәміле жасауға болады. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.