Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

12.02.2025

Жарияланымдар · 12

Қаңтардағы ҰБТ-ны 164 мың адам тапсырды

Оның ішінде талапкерлердің 76,81%-ы қазақ тілінде, 23,14%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ-да шекті балды талапкерлердің 70,35%-ға жуығы жинады. Орташа балл 65,81 құрады. Ең жоғары балл – 139. Жалпы 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

17:34Жаңалықтар

Астанада тарихи комикстің алғашқы шығарылымы таныстырылды

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Әлихан мен Әйкерімнің саяхаты» тарихи комиксінің алғашқы шығарылымы таныстырылды. Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен елорданың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

17:28Жаңалықтар

Қазақстанда өнімділікті арттыру үшін жоғары сапалы тұқымдар орталығы құрылады

ҚР АШМ қолдауымен озық жоғары сапалы тұқымдар орталығы құрылады. Жоба 2026 жылы Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты базасында жүзеге асырылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

17:02Жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: ҚР ІІМ мамандырылған бөлімше құрды

АҢДАТПА!

15:25Баспасөз хабарламалары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдады

Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің түрлі бағыттағы екіжақты серіктестігі және өңірлік қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

14:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинді қабылдады.

14:10Мемлекет басшысының қызметі

Шаңғы жарысы: ерлер құрамасы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысы командалық эстафетамен аяқталды. Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

12:27Жаңалықтар

Әке жолын қуған жас маман - «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде еңбек әулеттерінің өкілдері өмірлік іс туралы айтты

Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтіп жатыр. Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ауқымды іс-шара ҚР Оқу-ағарту министрлігімен ұйымдастырылды. Фестивальде сұранысқа ие мамандықтармен танысып қана қоймай, құтқарушы, машинист, құрылысшы ретінде өзіңізді сынап көруге болады.

12:11Президенттің тапсырмалары

Абай облысында қайтарылған активтер есебінен Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңыз бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:35Аймақтар жаңалықтары

2024 жылы 19 мыңнан астам адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасты

2024 жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі «Күміс жас»  жобасын іске асыру шеңберінде 19 199 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан (2 441 адам), Жамбыл (1 845 адам) және Қарағанды (1 471 адам) облыстарында байқалады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:30Жаңалықтар

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 4,7 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 16 кәсіпорнында 1,1 мыңнан астам жұмыскерге 318,2 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 499 еңбек құқығының бұзылуы анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:35Жаңалықтар

Шаңғы жарысы: әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті. Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

09:01Жаңалықтар