Күн жаңалықтары
13.02.2025
Жарияланымдар · 17
Президент мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Премьер-министр су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде республикалық кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков және бірқатар облыс әкімдері қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Михаил Шайдоров – Харбин-2025 ойындарының қола жүлдегері
Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Сергеев су торабына барды, сондай-ақ Петропавл қаласында 1-ші көтергіш сорғы станциясы мен бөгет бекінісін реконструкциялау барысын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара.
ІІМ өкілі тұрмыстық зорлық-зомбылық жөнінде келіп түскен өтініштер саны азайғанын айтты
Ағымдағы жылдың қаңтар айында елімізде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық ауқымды іс-шарасы өткізілді, ол айтарлықтай нәтиже берді. Мәселен, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы өтініштер саны өткен жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 22%-ға қысқарды. Ауыр қылмыстар саны азайды, оның ішінде тұрмыс саласындағы кісі өлтіру 6,7%-ға азайды. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру жағдайлары 12%-ға, ал, орташа ауырлықтағы зиян келтіру 67%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі басқарманың бастығы полиция подполковнигі Ақмарал Серікбаева ОКҚ алаңында хабарлады.
Қазақстанда отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты талдау үшін цифрлық платформа іске қоссылады
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша талдамалық жұмыс жүргізуге көмектесетін цифрлық платформа құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Ренат Зұлқайыров мәлімдеді.
ІІМ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшенің негізгі міндеттерін белгіледі
Полицияның барлық бөлімшесінде Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құрылды. ІІМ орталық аппаратында Әкімшілік полиция комитетінің құрылымында Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі жаңа басқарма құрылды. Комитет төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыровтың айтуынша, жаңа бөлімшенің басты ерекшелігі - ол отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласында жинақталған жүйелік проблемаларды жоюға бағытталған. Бұл туралы ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары кешені қабылданып жатыр - ҚР ІІМ
Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Қабылданып жатқан шаралар туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Ренат Зұлқайыров айтып берді.
Биатлоннан Қазақстанның ерлер құрамасы – эстафетада Азия ойындарының күміс жүлдегері
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында биатлоннан соңғы жүлде жиынтығы өз иесін тапты. Қазақстан ерлер командасы эстафетада мәреге екінші болып жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Су тасқыны кезеңіне дайындық туралы
АҢДАТПА!
106 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 106 мың адамды құрады. Бұл ретте 31,2 мың адамға төлем осы жылы тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 9,4 млрд теңге болды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл басынан бері 50 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 49,7 мың қазақстандық қатысты. 46,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 16,6 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Рустам Баялиев Президент Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды
Биатлон: Азиадада әйелдер құрамасы эстафетада үздік үштікте
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті. Биатлоннан әйелдер арасындағы эстафетада (4×6 км) Ұлттық құрама мәреге үшінші жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Бүгін Дүниежүзілік радио күні
Бұл күн жыл сайын 13 ақпанда атап өтіледі. Дәл осы күні 1946 жылы алғаш рет «БҰҰ Радиосы» эфирге шықты.