Күн жаңалықтары
14.02.2025
Жарияланымдар · 12
Су тасқынына қарсы жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді
Су тасқынына жедел ден қою үшін 37 мыңнан астам адамнан тұратын күштер мен құралдар тобы құрылды, олардың құрамына ТЖМ, ІІМ, Ұлттық ұлан, жергілікті атқарушы органдар кірді. Сонымен қатар 12 мыңнан астам техника, 4 096 су айдау және 640 жүзу құралы жұмылдырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ТЖМ ТЖ алдын алу комитеті төрағасының м. а. Әсет Жылқайдаров мәлімдеді.
Қазақстанда су тасқынына дайындық бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтіп жатыр
Қазақстанда су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жалғасуда. «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде су тасқынын жою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі пысықталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының м.а. Әсет Жылқайдаров мәлімдеді.
Абай облысында жаңа сәулелік терапия аппараттары іске қосылды
Абай облысының ядролық медицина және онкология орталығында SOMATOM go.Sim компьютерлік томографы мен TrueBeam сәулелік терапия жүйесі іске қосылды. Аталған қондырғылар «Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қорының қолдауымен алынып отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды
Ермек Көшербаев Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды
Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды
«Алтын Адам» анимациялық фильмі көрерменге жол тартады
Биыл Қазақстан кинотеатрларында экшн және фэнтези жанрындағы «Алтын Адам» толықметражды анимациялық фильмі көрерменге ұсынылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мемлекет басшысы елордадағы бірқатар нысанды аралады
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті. Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 346 млрд теңгеге зейнетақы төленді
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 млрд теңге қарастырылды. 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 445 мың адам, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды
Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореядан басым түсіп, Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. Шешуші матчтың есебі: 3-0, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғырту қарқынымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.