Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 млрд теңге қарастырылды. 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 445 мың адам, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.