Полицияның барлық бөлімшесінде Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құрылды. ІІМ орталық аппаратында Әкімшілік полиция комитетінің құрылымында Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі жаңа басқарма құрылды. Комитет төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыровтың айтуынша, жаңа бөлімшенің басты ерекшелігі - ол отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласында жинақталған жүйелік проблемаларды жоюға бағытталған. Бұл туралы ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.