Қазақстанның Ішкі істер министрлігі отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша талдамалық жұмыс жүргізуге көмектесетін цифрлық платформа құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Ренат Зұлқайыров мәлімдеді.