Ағымдағы жылдың қаңтар айында елімізде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық ауқымды іс-шарасы өткізілді, ол айтарлықтай нәтиже берді. Мәселен, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы өтініштер саны өткен жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 22%-ға қысқарды. Ауыр қылмыстар саны азайды, оның ішінде тұрмыс саласындағы кісі өлтіру 6,7%-ға азайды. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру жағдайлары 12%-ға, ал, орташа ауырлықтағы зиян келтіру 67%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі басқарманың бастығы полиция подполковнигі Ақмарал Серікбаева ОКҚ алаңында хабарлады.