Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

28.02.2025

Жарияланымдар · 11

Олжас Бектенов кәсіпкерлерді екі апта ішінде салық сомасын әділетті түрде төлеуге шақырды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен және қаржы министрі Мәди Такиевпен жұмыс кеңесін өткізді. Салық-бюджет реформасы және салық түсімдерін бақылауды күшейту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:54Жаңалықтар

Қазақстанда 1300 мектепті кезең-кезеңімен реновациялау басталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес таяудағы үш жыл ішінде Қазақстанда 1300-ге жуық мектеп реновацияланады, оның жартысынан көбі (54%) ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

16:40Жаңалықтар

7-11 сынып оқушыларының кәсіби диагностикасын көздейтін «Мансап компасы» платформасы енгізілді

Бүгінде ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту, оның ішінде басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Инвестициялық жобалардың тиімділігіне мониторинг жүргізу үшін оларды сапалы жоспарлау маңызды аспект болып табылады. Министрлік «Жобалардың инновациялық навигаторы» платформасын жасады, оған сомасы 41 трлн теңгеге 168 мыңға жуық жұмыс орнын құратын 906 инвестициялық жоба бойынша мәліметтер енгізілді. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ брифингінде айтты.

15:00Жаңалықтар

58 мыңға жуық жұмыссыз Skills.Enbek.kz порталында онлайн курстармен қамтылды

Жұмысқа орналасу мониторингі ҚР ЕХӘҚМ ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады және ай сайын міндетті зейнетақы жарналарының және ақпараттық жүйеде электрондық еңбек шарттары туралы мәліметтердің болуы тексеріледі. Мониторинг нәтижелеріне сәйкес міндетті зейнетақы жарналары 828 мың адамға түскені анықталды, бұл 85%-ды құрайды, ал электрондық еңбек шарттары 587 мыңға жуық адамда немесе 60%-ында бар. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ брифингінде хабарлады.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

2029 жылға дейін сапалы жұмыс орындарының санын 3,8 млн-ға жеткізу көзделген

Орта мерзімді кезеңге еңбек нарығы дамуының басым бағыттарын айқындау үшін 2023 жылы Еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдама арқылы сапалы жұмыс орындарының санын 2029 жылға қарай 3,8 млн-ға дейін ұлғайту көзделген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сапалы жұмыс орындарының саны 2,5 млн-ға жуық бірлікті құрады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ брифингінде осылай деді.

14:40Жаңалықтар

Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды

13:41Мемлекет басшысының қызметі

Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

13:15Мемлекет басшысының қызметі

Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды

12:39Жаңалықтар

Қазақстанда судьяларды іріктеу процесі оңтайландырылды

Қазіргі уақытта Жоғары Сот кеңесінің жұмысын оңтайландыру және жаңғырту жүргізілуде. Ішкі бизнес-процестерді жаңғырту басталды, қолданыстағы жұмыс алгоритмдері оңтайландырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот жюриінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Сәлімжан мәлімдеді.

12:00Жаңалықтар

Сот жюриі 70-тен астам тәртіптік іс қарады

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Сот жюриі 77 тәртіптік істі және тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау бойынша бір материалды қарады. 40 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан хабарлады.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Сот жюриі судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартудың жаңа тетігі енгізілді

Судьялар тәуелсіздігінің конституциялық кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық тәжірибені ескере отырып, 2019 жылы бұрын Жоғарғы соттың құрамына кірген Сот жюриінің жұмысын жаңғырту жөнінде шаралар қабылданды. Заңнамаға түзетулер енгізілгеннен кейін, 2019 жылдың мамыр айында Сот жюриі сот жүйесінен бөлініп, Жоғарғы Сот Кеңесінің қарауына берілді. Соған қарамастан, Сот жюриі тікелей Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына кірмейді, ол Кеңестің жанынан тәуелсіз тәуелсіз институт ретінде құрылады. Сот жюриінің қазір қалай жұмыс істейтіні жайлы ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында баяндады.

11:40Жаңалықтар