Орта мерзімді кезеңге еңбек нарығы дамуының басым бағыттарын айқындау үшін 2023 жылы Еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдама арқылы сапалы жұмыс орындарының санын 2029 жылға қарай 3,8 млн-ға дейін ұлғайту көзделген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сапалы жұмыс орындарының саны 2,5 млн-ға жуық бірлікті құрады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ брифингінде осылай деді.