Күн жаңалықтары
27.02.2025
Жарияланымдар · 17
Халықты жұмыспен қамту шаралары туралы
АҢДАТПА!
ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің жұмысындағы жаңа тәсілдер туралы
АҢДАТПА!
Кazakh Invest: инвесторларға жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде қолдау көрсетіледі
Бүгінгі таңда инвесторлардың құқықтарын қорғау Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі, инвесторлардың құқықтарын қорғауға жауапты бірнеше институт пен тетіктер жұмыс істейді. Инвестициялық омбудсмен қызметі шеңберінде Сыртқы істер министрлігімен Kazakh Invest инвесторлардың мемлекеттік органдардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне қатысты барлық өтінішін, шағымдарын қабылдайды, дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіппен тиімді шешу үшін бар күшін салады. Жалпы, ұлттық компания инвесторлардың құқықтарын қорғау саласында қалай жұмыс істейтіні туралы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Азамат Қожанов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында айтты.
Бизнеске қатысты әрбір іс прокурорлық қадағалау сүзгісі арқылы өтеді - ҚР Бас прокуратурасы
Бүгінгі таңда прокурор кәсіпкерлерді күштік құрылымдар тарапынан заңсыз қудалаудың жолын кесуге бел буып отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Бас прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қудалау қызметінің басқарма бастығы Жасұлан Мекебаев мәлімдеді.
«Атамекен» Ұлттық палатасы бизнесті заңсыз қылмыстық қудалаудан қорғау үшін не істеп жатыр
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарушы директоры – Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Серік Әділов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының заңнамалық шектеулерге байланысты қылмыстық процесте бизнестің мүдделерін тікелей білдіруге мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Алайда, «Атамекен» ҰКП бизнестің тергеу органдарымен бетпе-бет қалуына жол бере алмайды. Сондықтан Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі,Жоғарғы сот, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тығыз қарым-қатынас орнатылды.
Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі ұлғайды
2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 19,4 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылға қарағанда 7,5% - ға артық. Инвестициялардың жалпы көлемінің ең үлкен үлесін жылжымайтын мүлік операциялары, тау-кен өнеркәсібі, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі, энергиямен жабдықтау, білім беру, ауыл шаруашылығы сияқты салалар құрады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті директорының орынбасары Бағлан Бақбергенов мәлімдеді.
Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа қалай жұмыс істейді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің сенімділігін растайтын және өткен жылдың 17 желтоқсанында өнеркәсіптік пайдалануға берілген Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа әзірленді. Қазіргі уақытта Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада 1160-тан астам инвестициялық жоба жүктелген. Олардың жалпы сомасы шамамен 49 трлн теңгені құрайды. Осы жобалар аясында 188 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ-да өткен дөңгелек үстелде Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Арман Ақсубаев мәлімдеді.
Ел прокурорлардың назарында 900 жоба бар
2023 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы прокурорларға маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді тапсырды. Бұл - қадағалаудың жаңа бағыты. Бірінші кезекте, Бас прокуратура Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен және инвестицияларды тарту бойынша «ҚазақИнвест» ұлттық компаниясымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Бас прокуратурада Инвесторларды қорғау бойынша арнайы басқарма құрылып, оның 2 қызметкері «ҚазақИнвест» кеңсесінде тұрақты орналастырылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Ризат Смағұлов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.
Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президенті Памела Харристі қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Памела Харриске ілтипат білдіріп, жауапты қызметке сайлануымен құттықтады. Сонымен қатар оның тәжірибесі Ұйым қызметіне тың серпін беретініне сенім білдірді.
ҚР Ұлттық ұланының академиясы 4,5 мыңға жуық офицер даярлады
Ұлттық ұлан әскерлерін даярлау Петропавл қаласында ҚР Ұлттық ұланының академиясында жүзеге асырылады. Академия әскери педагогиканың заманауи әдістеріне негізделген жоғары білім беруді қамтамасыз етеді. 1997 жылдан бастап Академия 4,5 мыңға жуық офицерді даярлады. Олардың ішінде 49 түлек «алтын» медаль, 305 түлек «үздік» деген диплом алды. Олар Ұлттық ұлан бөлімдері мен басқа да әскери ведомстволарда табысты қызмет атқарып жүр. Бүгінгі таңда 400-ден астам түлек түрлі құрылымда қызмет етеді. Мысалы, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК Шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінде. Бұл туралы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының Оқу және ғылыми жұмыс бөлімінің бастығы полковник Арман Әлібеков ОКҚ алаңында хабарлады.
Алғашқы әскери дайындық бағдарламасына жаңа бөлімдер енгізіледі
Қазақстандық жастарды әскерге дейінгі даярлау мәселесі өзекті болып тұр. Себебі ол азаматтарды оқыту және патриоттық тәрбиелеу жүйесінде маңызды орын алады. Қолданыстағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес, азаматтарды әскери қызметке дайындау – бұл мемлекеттік органдар тарапынан әскерге дейінгі және шақырылуға жататын жастағы азаматтармен әскери қызмет негіздерін оқыту мақсатында өткізілетін міндетті іс-шаралар кешені болып табылады. Білім беру ұйымдарында әскери іс негіздерін оқытудың міндетті пәні – бастапқы әскери және технологиялық дайындық болып табылады. ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ брифингінде осылай деді.
Курсанттардың оқу процесі туралы Қорғаныс министрлігінің өкілдері айтты
Әскери оқу орындарындағы оқу процесі Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарымен біріктірілген. Тыңдаушылар мен курсанттар әскерлермен бірлесіп барлық жаттығуларға қатысады. ОКҚ алаңында ҚР Қорғаныс Министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев толығырақ айтып берді.
Қазақстанда екі жаңа әскери колледж ашылады
Жоғары оқу орнынан кейінгі әскери білім Астана қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінде ұсынылған. Университет Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асырады, сондай-ақ жыл сайын 1000-нан астам адамның, оның ішінде басқа мемлекеттік органдардың басшы құрамының біліктілігін арттыруды жүргізеді. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі елдің екі қаласында екі жаңа әскери колледж құру туралы жариялады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев мәлімдеді.
Әскери білім беру офицерлердің мансабында маңызды рөл атқарады
Елімізде әскери дайындық ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөлін атқарады. Қазақстандағы әскери білім беру жүйесі техникалық және кәсіптік біліммен, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен ұсынылған. Бүгінгі таңда әскери білім беру жүйесіне еліміздің жалпы білім беру жүйесінің бірыңғай нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік саласында жұмыс істейтін 9 әскери оқу орны кіреді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ алаңында айтты.
Азамат Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды
СҚО-да күнбағыс өңдейтін майды экстракциялау зауыты іске қосылды
Жаңа кәсіпорын жылына 400 мың тоннаға дейін майлы дақылдарды өңдей алады. Өндіріс толықтай автоматтандырылған және қалдықсыз жұмыс істейді, заманауи еуропалық жабдықтармен қамтылған, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
163 мың адам наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берді
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 163 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді. ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы.