Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарушы директоры – Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Серік Әділов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының заңнамалық шектеулерге байланысты қылмыстық процесте бизнестің мүдделерін тікелей білдіруге мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Алайда, «Атамекен» ҰКП бизнестің тергеу органдарымен бетпе-бет қалуына жол бере алмайды. Сондықтан Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі,Жоғарғы сот, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тығыз қарым-қатынас орнатылды.