Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің сенімділігін растайтын және өткен жылдың 17 желтоқсанында өнеркәсіптік пайдалануға берілген Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа әзірленді. Қазіргі уақытта Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада 1160-тан астам инвестициялық жоба жүктелген. Олардың жалпы сомасы шамамен 49 трлн теңгені құрайды. Осы жобалар аясында 188 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ-да өткен дөңгелек үстелде Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Арман Ақсубаев мәлімдеді.