Бүгінгі таңда инвесторлардың құқықтарын қорғау Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі, инвесторлардың құқықтарын қорғауға жауапты бірнеше институт пен тетіктер жұмыс істейді. Инвестициялық омбудсмен қызметі шеңберінде Сыртқы істер министрлігімен Kazakh Invest инвесторлардың мемлекеттік органдардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне қатысты барлық өтінішін, шағымдарын қабылдайды, дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіппен тиімді шешу үшін бар күшін салады. Жалпы, ұлттық компания инвесторлардың құқықтарын қорғау саласында қалай жұмыс істейтіні туралы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Азамат Қожанов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында айтты.