2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 19,4 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылға қарағанда 7,5% - ға артық. Инвестициялардың жалпы көлемінің ең үлкен үлесін жылжымайтын мүлік операциялары, тау-кен өнеркәсібі, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі, энергиямен жабдықтау, білім беру, ауыл шаруашылығы сияқты салалар құрады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті директорының орынбасары Бағлан Бақбергенов мәлімдеді.