Елімізде әскери дайындық ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөлін атқарады. Қазақстандағы әскери білім беру жүйесі техникалық және кәсіптік біліммен, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен ұсынылған. Бүгінгі таңда әскери білім беру жүйесіне еліміздің жалпы білім беру жүйесінің бірыңғай нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік саласында жұмыс істейтін 9 әскери оқу орны кіреді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ алаңында айтты.