Жоғары оқу орнынан кейінгі әскери білім Астана қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінде ұсынылған. Университет Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асырады, сондай-ақ жыл сайын 1000-нан астам адамның, оның ішінде басқа мемлекеттік органдардың басшы құрамының біліктілігін арттыруды жүргізеді. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі елдің екі қаласында екі жаңа әскери колледж құру туралы жариялады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев мәлімдеді.