2023 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы прокурорларға маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді тапсырды. Бұл - қадағалаудың жаңа бағыты. Бірінші кезекте, Бас прокуратура Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен және инвестицияларды тарту бойынша «ҚазақИнвест» ұлттық компаниясымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Бас прокуратурада Инвесторларды қорғау бойынша арнайы басқарма құрылып, оның 2 қызметкері «ҚазақИнвест» кеңсесінде тұрақты орналастырылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Ризат Смағұлов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.
Ел прокурорлардың назарында 900 жоба бар
Тегтер:
сот төрелігі