Күн жаңалықтары
27.03.2025
Жарияланымдар · 13
Президент Өзбекстанмен «Орталық Азия» ХӨКО құру туралы келісімді ратификациялады
Олжас Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында энергетиканы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді
Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттің энергетика саласына қатысты тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Олжас Бектенов Екібастұзда 1-МАЭС-ті жаңғырту нәтижелерімен, таза көмір технологиясын пайдалана отырып, 2-МАЭС-ті реконструкциялау және МАЭС-3 стансасы құрылысы жобаларын жүзеге асырудың басталуымен танысты. Мұнда экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктері, жаңа өндіріс орындарын іске қосу және белсенді цифрландыру аясында саланы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ақтөбе облысында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында бөлінген қаражат толығымен игерілді
2023-2024 жылдар аралығында Ақтөбе облысында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 15 млрд теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. 2025 жылы бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен 4 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдығы және ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің 70 жылдығы
АҢДАТПА!
Елімізде су басу қаупін азайту шаралары жалғасуда
Ел аумағында су басу қаупін азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда. Өңірлерде мұз қабатын босатуға, өзендердің жағалауын нығайтуға, сондай-ақ қар шығару мен су соруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
ҚР көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады
Премьер-министр Павлодар облысында Президенттің өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС және «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-ға барып, кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Онда Мемлекет басшысының өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы мен шаралары талқыланды, деп хабаралйды Primeminister.kz.
Отандық жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту жөнінде
АҢДАТПА!
Қазақстандық компанияларға рейтингтік қызметтер әлдеқайда қолжетімді болады
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» заң жобасының негізгі ережелеріне тоқталып өтті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары Әділ Мамажанов атап өткендей, ұсынылған заң жобасы кредиттік рейтингтік агенттіктерді реттеудің кешенді тәсілін көздейді.
Елімізде кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметі реттеледі
Әртүрлі бағалау бойынша әлемдік рейтингтік қызметтер нарығында халықаралық рейтингтік агенттіктердің үлесі 90-95%-ды құрайды. Қазақстанда да осындай жағдай байқалады. Мәселен, халықаралық рейтингтік агенттіктердің ресми сайттарының деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 75 қазақстандық компанияның мынадай жария кредиттік рейтингтері болды: Moody 's Investors Service агенттігінен – 25%, Fitch Ratings агенттігінен – 42%, Standard & Poor' s агенттігінен – 34%. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Айдын Дәулетбақ атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанның рейтингтік қызметтер көрсету нарығы мынадай: Fitch Ratings агенттігі - 42%, Moody's агенттігі - 25%, S&Pагенттігі - 34%.
2025 жылдың басынан бері 2,2 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылы 2 185 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 150 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 46,4% Қытайдан, 41% – Өзбекстаннан, 7,1% – Түрікменстаннан, 1,9% – Ресейден, 1,6% – Монғолиядан және 2% басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бүгін Халықаралық театр күні атап өтіледі
Бұл күнді аталған өнер түрінің қоғам өміріндегі маңыздылығына назар аудару мақсатында 1961 жылы Халықаралық Театр институты (International Theatre Institute, ITI) бекітті.