Күн жаңалықтары
26.03.2025
Жарияланымдар · 18
Мемлекет басшысы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» Жарлыққа қол қойды
Жаттықтырушылардың еңбекақысын 30%-ға көтеру жоспарланған
Еліміздің спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. Бүгінде ҚР Туризм және спорт министрлігі салалық заңға өзгерістер мен толықтырулардың екінші пакетін әзірлеуде. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдегендей, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру ұғымдары мен өкілеттіктерін айқындау, уәкілетті органға әдістемені, жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің мемлекеттік тапсырысын орналастыру қағидаларын және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін аккредиттеу қағидаларын бекіту бойынша құзыреттер беру сынды тетіктер бар.
Басымдық берілетін 60-қа жуық спорт түрі анықталады
Соңғы жылдары спорт саласына жұмсалатын бюджет қаражатын қайта бөлу тенденциясы байқалып отыр. Мұнда басты назар бұқаралық және жастар спортын қолдауға аударылады. Осы орайда кәсіпқой клубтарды қаржыландырудың максималды деңгейі белгіленбек. Ең негізгі жаңалық – 60-қа жуық басым спорт түрінің анықталуы. Олардың арасында Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Паразия ойындарының бағдарламаларына енген спорт түрлері, сонымен бірге, олимпиадалық емес спорт түрлерінен Азия және Паразия ойындарына енген спорт түрлері және ұлттық спорт түрлері толық қарастырылады. Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Спорт саласына вертикальды басқару жүйесін енгізу көзделген
Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң жобасын әзірледі. Құжат 2025 жылдың 29 қаңтарында Мәжілістің екінші оқылымында мақұлданды және Сенаттың қарауына жіберілді. Заң жобасы спорт саласына бірқатар өзгеріс енгізуді көздейді. Бұл жайлы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен Бангладеш халқын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Аралық қорытындылар: 88 мыңға жуық талапкер наурыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды
Наурыз айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 88 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 65 балды (бес пән бойынша) құрады. Ең жоғары балл – 139, оны Алматы қ. және Шығыс Қазақстан облысында оқитын 2 талапкер жинады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта да осы бағыттан айнымайтынын атап өтті.
Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобасының қазақстандықтар үшін тиімді тұстары
Коммуналдық желілерді жаңарту мәселесін шешу мақсатында былтыр желтоқсан айында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы қабылданды. Жобаны іске асыру шеңберінде 32 кәріз-тазарту құрылыстарын (КТҚ) қайта жаңарту және 13-ін салу жоспарланған. Оның ішінде 8 жобаны халықаралық қаржы ұйымдарының қаржысы есебінен, 14 жобаны «Бәйтерек» ҰБХ облигациялық қарызы есебінен және 23 жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру көзделген. Жалпы, Қазақстанда Ұлттық жобаның қалай жүзеге асырылатыны туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Кәріз-тазарту құрылыстарын қайта құру мен салуға 30 млрд теңге жұмсалмақ
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кәріз-тазарту құрылыстарын реконструкциялау және салу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Ведомствоның мәліметінше, 90 қаланың тек 60-ында ғана орташа тозу деңгейі шамамен 65% болатын кәріз-тазарту құрылыстары бар. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков еліміздің коммуналдық секторын жаңғырту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтты.
Ауыл халқының шамамен 98%-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген
Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін барлық қала мен ауылды 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Осы тапсырманы орындау аясында бюджеттен 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде сумен жабдықтау қызметтеріне қала тұрғындарының 99,4%-ы және ауыл халқының 97,8%-ы қол жеткізе алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.
«Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» ҚР Заңының жобасы
АҢДАТПА!
Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды жүзеге асырып келеді. Ақмола облысының бірқатар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда ауыл әкімдерінің өкілеттігін кеңейту жоспарда бар
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілді. 2021-2024 жылдар аралығында 2 641 әкім сайланды, олардың шамамен 70%-ы осы лауазымға алғаш рет келді. Жалпы, ауыл әкімдерінің 97%-дан астамы сайланды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәлімдеді.
Ауылдық жерлерде шағын индустриалды аймақтар құру көзделген
2023-2024 жылдары ауылдарды дамытуға барлық көздерден 2 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Оның есебінен қоғамдық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар іске асты. Қазіргі таңда еліміздің Ұлттық экономика министрлігі ауылдық аймақтарды кешенді дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде «Ауыл аманаты» және «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын біріктіру бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында айтты.
Былтыр ауылдарды дамытуға тартылған инвестиция көлемі 8 трлн теңгеге жуықтады
Елімізде ауылдық аймақтарды дамыту үшін Үкімет тарапынан бірқатар шара қолға алынды. 2025 жылғы деректерге сәйкес республикада 6179 елді мекен бар, мұнда 7 жарым млн халық өмір сүріп жатыр. Былтыр ауылдық жерлерде негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 7,9 трлн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласында бір жұмысшыға шаққанда еңбек өңімділігі соңғы бес жылда 2 есеге өсіп, 4,2 млн теңгеге жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков ОКҚ брифингінде хабарлады.
Премьер-министр коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару, мониторинг жасау және бақылау жүйесін цифрландыруды тапсырды
Үкімет отырысында коммуналдық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
2025 жылдың 31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді
Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Елімізде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша 67 жоба жүзеге асырылуда
Елімізде тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жинауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер арнайы кәсіпорындардың шығындарын жабуды қамтамасыз етпейді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Республикада жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам қалдықтар түзіледі, бұл ретте 2024 жылы қайта өңдеу деңгейі шамамен 26%-ды құрады, бұл жоспарланған 30%-дан төмен, деп хабарлайды Primeminister.kz.