Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілді. 2021-2024 жылдар аралығында 2 641 әкім сайланды, олардың шамамен 70%-ы осы лауазымға алғаш рет келді. Жалпы, ауыл әкімдерінің 97%-дан астамы сайланды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәлімдеді.