Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін барлық қала мен ауылды 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Осы тапсырманы орындау аясында бюджеттен 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде сумен жабдықтау қызметтеріне қала тұрғындарының 99,4%-ы және ауыл халқының 97,8%-ы қол жеткізе алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.