Әртүрлі бағалау бойынша әлемдік рейтингтік қызметтер нарығында халықаралық рейтингтік агенттіктердің үлесі 90-95%-ды құрайды. Қазақстанда  да осындай жағдай байқалады. Мәселен, халықаралық рейтингтік агенттіктердің ресми сайттарының деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 75 қазақстандық компанияның мынадай жария кредиттік рейтингтері болды: Moody 's Investors Service агенттігінен – 25%, Fitch Ratings агенттігінен – 42%, Standard & Poor' s агенттігінен – 34%. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Айдын Дәулетбақ атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанның рейтингтік қызметтер көрсету нарығы мынадай: Fitch Ratings агенттігі - 42%, Moody's агенттігі - 25%, S&Pагенттігі - 34%.