Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

28.03.2025

Жарияланымдар · 24

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі

Биыл Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласында 600-ге жуық жұмыс орнын құра отырып, 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар. Олардың ішінде Ақтөбе облысында жүнді терең өңдеу жобасы, Түркістан облысында тоқыма бұйымдарын өндіретін мақта кешені және Шымкент қаласында тоқылған шұлық өндіру жобасы бар. Саланы дамыту үшін жеңіл өнеркәсіпті дамыту және мақта-тоқыма кластерін құру бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту және мақта-тоқыма кластерін құру бойынша жол картасы іске асырылуда. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков ОКҚ брифингінде осылай деді.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер, мұғалімдердің жалақысының өсуі және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы

Қазақстанда тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұған соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды мемлекеттік бағдарламалар да ықпал етеді. Елде жаңа мектептердің құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл төртінші жыл қатарынан жыл сайын 1000-ға жуық ауыл мектептері модернизациядан өтуде. Бұл балалар үшін оқу жағдайларын жақсартуға, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:01Жаңалықтар

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді қаржыландырудың жаңа форматы енгізілді

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемесіне негізделген қаржыландырудың жаңа форматына көшті. Бұл АӘҚ алуға мұқтаж азаматтарды қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:07Жаңалықтар

Зайсан әуежайында негізгі құрылыс жұмыстары басталды

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Қатон-Қарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу тапсырмасы аясында жүргізіліп жатыр. Көлік министрі Марат Қарабаев Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы жаңа әуежай алаңында негізгі құрылыс жұмыстарының басталу барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:00Президенттің тапсырмалары