Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

28.03.2025

Жарияланымдар · 24

Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

22:15Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Корея Президентінің міндетін атқарушы Хан Док Суға көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Оңтүстік Корея елінде болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны мен табиғат апатының қоршаған ортаға тигізген зияны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

22:06Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

19:33Жаңалықтар

«Өңірлер тынысы»: апта ішінде болған оқиғаларға шолу

Павлодар облысының тәжірибесі басқа өңірлер қолданысқа алатындай несімен пайдалы? Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынын болжаудың қандай заманауи шешімдері енгізілді? Родина ауылын өзге өңірлер қашан үлгіге алады? Әр күн сайын аймақтарда жергілікті тұрғындар үшін де,  жалпы ел халқы үшін де маңызы жоғары сан-алуан оқиға болып жатады. Орталық коммуникациялар қызметінің «Өңірлер тынысы» апталық шолуы қызықты және маңызды оқиғаларды назарларыңызға ұсынады.

19:29Жаңалықтар

Су тасқыны кезінде гидротехникалық құрылыстардың жұмысы

АҢДАТПА!

18:14Баспасөз хабарламалары

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі мен төтенше жағдайлар министрінің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады.

18:00Жаңалықтар

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі 70 жылдық мерейтойы аясында ел өңірлерін гастрольдік іс-сапармен аралайды

Биыл ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдық мерейтойы атап өтілуде. 2025 жылы жоспар бойынша Солтүстік Қазақстан мен Астана қаласына гастрольдік іс-сапар жоспарланып отыр. Мерейтойға орай «Би керуені» атты ауқымды жоба, музейлерде фотокөрмелер, би өнерін насихаттау мақсатында телеарнада деректі фильм түсіріледі. Одан бөлек, мерейтойға орай артистердің шығармашылық қуаты мен әлеуетін арттыру мақсатында ұжымның штаттық кестесі аясында фольклорлық-ансамбль құрылды. ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директоры Елубай Кенжалиев ОКҚ алаңында ұжымның қызметі жайында айтты.

17:30Жаңалықтар

Биыл Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 195 концерт ұйымдастырмақ

Алматы қаласы күніне орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармония үш күндік қала ішілік концертік циклін өткізеді. Бұл шара Алматының мәдени өміріне жаңа серпін беріп, қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі музыкалық жанрда бағдарламаларын ұсынады. Сондай-ақ филармония қабырғасында еңбек жолдарын бастаған Қазақстанның халық әртістері Айман Мұсаходжаева мен Жәния Әубәкірова, сондай-ақ франциялық дирижер Кристоф Мангудың қатысуымен Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің ерекше концерттері ұйымдастырылады. Бұл туралы филармония директоры Ақан Әбдуалиев ОКҚ брифингінде мәлім етті.

17:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдығы атап өтілуде

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдығы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бекітілген жоспарға сәйкес бірқатар маңызды іс-шара өтеді. Мысалы, жыл басынан бастап «Ұрпақ сабақтастығы» атты Алматы қаласындағы өнер оқу орындарымен бірлескен балаларға арналған концерттер ұйымдастырылады. Бұл туралы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Ақан Әбдуалиев ОКҚ брифингінде хабарлады.

17:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

«Мамандығым – Болашағым»: кәсіптік бағдар беруді дамыту және кадр даярлау

АҢДАТПА!

16:33Баспасөз хабарламалары

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Мемлекет басшысына Алматының биылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары және қаланы өркендетудің перспективасы баяндалды. Ерболат Досаевтың айтуынша, аталған кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 7 пайызға дейін артқан, жыл қорытындысы бойынша өңірлік жалпы өнім 6,4 пайызға өседі деп болжанып отыр.

16:32Жаңалықтар

Үкімет Қостанай қаласының индустриялық аймағының инфрақұрылымы үшін 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет «Қостанай» индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:25Жаңалықтар

29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

15:39Жаңалықтар

Көші-қон саласын цифрландыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр

ІІМ Көші-қон қызметі 3 бағытта жұмыс істейді. Олар: азаматтарды құүжаттандыру мен тіркеу, шетелдіктерге рұқсат құжаттарын беру және көші-қон бақылауын қамтамасыз ету. Осы салада бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, құжаттандыру бойынша, балалар паспорттарының төлемі 2 есеге төмендеді. Құжаттарды бірер күнде даярлау бағасы азайды. Сыртта жүрген азаматтарға паспорт қолжетімді болу үшін 58 шет мемлекеттерде орналасқан Қазақстанның елшіліктерінде консулдық арнайы  автоматтандырылған орындар ашылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов ОКҚ алаңында айтты.

15:20Жаңалықтар

«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін көшіп-қонушылардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылуда

Көші-қон процестерін реттеу жүйесін цифрландыру ЕХӘҚМ қызметінің басым бағыттардың бірі болып табылады. Осы орайда, «Migration.enbek.kz» порталы әзірленді, бұл келу мақсатына қарамастан Қазақстанға келетін шетелдік азаматтардың бірыңғай есебін, сондай-ақ көші-қон ағындарының мониторингі мен бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

15:10Жаңалықтар

Қандастар мен қоныс аударушыларды толық сүйемелдеу «FSM Social» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады

Ынталандырудың оңтайлы моделін құру мақсатында еліміз бойынша қандастар мен қоныс аударушыларды жаңа тұрғылықты жерге бейімдеу және ықпалдастыру бойынша мансап орталықтары тарапынан қызметтер көрсетудің жаңа тетігі іске қосылды. Қандастармен қоныс аударушыларды толық сүйемелдеу «FSM Social» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, жылжымайтын мүлікпен ойдан шығарылған мәмілелер жасасуға жол бермеу мақсатында Ерікті қоныс аудару қағидаларына 2024 жылы мыналарды көздейтін түзетулер енгізілді. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында осы түзетулер жайында сөз қозғады.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау үшін бірқатар шаралар күшейтілуде

Бүгінгі таңда этникалық көші-қон саласындағы новеллалармен қандас және ҚР азаматтығы мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына тиесілігін оңайлатылған тәртіппен айқындау тәртібі бекітілген. Бүгінде қазақ ұлтына тиесілігін анықтау бойынша 3 комиссия өткізілді. Бұл комиссияда 13 адамның кандидатурасы қаралды. 9 адам қазақ ұлтына жататындығын анықтау және 4 адам бас тарту туралы шешім алды. Қандастарды қоныстандырудың интерактивті картасында олардың қоныстануын реттеу үшін қандастардың келуі бойынша өңірлер бөлінісінде саралау жүргізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев айтты.

14:50Жаңалықтар

Мегаполистер ішкі мигранттарды тарту орталықтары болып қала береді

Екі жыл бойы көші-қонның оң сальдосы сақталуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ол +17,1 мың адамды құрады. Қазақстанға 30 мың адам келді, елімізден 12,8 мың адам кетті. Елдер бөлінісінде көші-қон өсімі негізінен ТМД мен Қытайға тиесілі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

14:40Жаңалықтар

Импорттық өнімдерді алмастыру шаралары қолға алынады

Отандық өндіруші кәсіпорындарды қолдау мақсатында реттелетін сатып алулар тетігі іске асырылып жатыр. Бұл шара жергілікті өндірісті дамытуға, кәсіпорындардың тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз етілуіне және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Кәсіпорындарды қолдау және қолда бар қуаттарды жүктеу мақсатында жеңіл өнеркәсіптің 1 162 тауары ұлттық режимнен алып тасталады. Бұл жайында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстан Президенті Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті

11:52Жаңалықтар