ІІМ Көші-қон қызметі 3 бағытта жұмыс істейді. Олар: азаматтарды құүжаттандыру мен тіркеу, шетелдіктерге рұқсат құжаттарын беру және көші-қон бақылауын қамтамасыз ету. Осы салада бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, құжаттандыру бойынша, балалар паспорттарының төлемі 2 есеге төмендеді. Құжаттарды бірер күнде даярлау бағасы азайды. Сыртта жүрген азаматтарға паспорт қолжетімді болу үшін 58 шет мемлекеттерде орналасқан Қазақстанның елшіліктерінде консулдық арнайы автоматтандырылған орындар ашылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов ОКҚ алаңында айтты.