Бүгінгі таңда этникалық көші-қон саласындағы новеллалармен қандас және ҚР азаматтығы мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына тиесілігін оңайлатылған тәртіппен айқындау тәртібі бекітілген. Бүгінде қазақ ұлтына тиесілігін анықтау бойынша 3 комиссия өткізілді. Бұл комиссияда 13 адамның кандидатурасы қаралды. 9 адам қазақ ұлтына жататындығын анықтау және 4 адам бас тарту туралы шешім алды. Қандастарды қоныстандырудың интерактивті картасында олардың қоныстануын реттеу үшін қандастардың келуі бойынша өңірлер бөлінісінде саралау жүргізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев айтты.