Екі жыл бойы көші-қонның оң сальдосы сақталуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ол +17,1 мың адамды құрады. Қазақстанға 30 мың адам келді, елімізден 12,8 мың адам кетті. Елдер бөлінісінде көші-қон өсімі негізінен ТМД мен Қытайға тиесілі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.