Көші-қон процестерін реттеу жүйесін цифрландыру ЕХӘҚМ қызметінің басым бағыттардың бірі болып табылады. Осы орайда, «Migration.enbek.kz» порталы әзірленді, бұл келу мақсатына қарамастан Қазақстанға келетін шетелдік азаматтардың бірыңғай есебін, сондай-ақ көші-қон ағындарының мониторингі мен бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.