Ынталандырудың оңтайлы моделін құру мақсатында еліміз бойынша қандастар мен қоныс аударушыларды жаңа тұрғылықты жерге бейімдеу және ықпалдастыру бойынша мансап орталықтары тарапынан қызметтер көрсетудің жаңа тетігі іске қосылды. Қандастармен қоныс аударушыларды толық сүйемелдеу «FSM Social» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, жылжымайтын мүлікпен ойдан шығарылған мәмілелер жасасуға жол бермеу мақсатында Ерікті қоныс аудару қағидаларына 2024 жылы мыналарды көздейтін түзетулер енгізілді. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында осы түзетулер жайында сөз қозғады.