Күн жаңалықтары
11.04.2025
Жарияланымдар · 14
Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
Президент «Тассай» индустриалды аймағын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаевқа индустриалды аймақта жалпы инвестиция сомасы 44,5 миллиард теңге болатын 33 кәсіпорын ашылғаны жөнінде баяндалды. Сонымен қатар мұнда қосымша 800-ге жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 9 инвестициялық жоба іске асырыла бастады.
Авторлық құқық саласындағы өзекті мәселелер: қазақ музыкалық туындыларын әлеуметтік желіге орналастыру
АҢДАТПА!
Президентке Шымкент қаласының перспективті құрылыс жоспары таныстырылды
Мемлекет басшысына қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі
Президент Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, тарихы терең қастерлі мекен екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Tulip Hall көпфункционалды кешеніне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Shymkent City» саябағын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Shymkent City» шағын ауданына жақын маңдағы жаңа саябаққа барды. Аумағы 20 гектардан асатын паркте сейілдеуге және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Субұрқақты жасанды тоған, амфитеатр, ландшафтты аллеялар, воркаут және скейт алаңдары бар.
Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғаяды
Аграрлық несие корпорациясы алғаш рет қаржыландыруды көктемгі егіс жұмыстары басталмас бұрын, дәлірек айтқанда, 2024 жылдың қараша айында бастады. Өткен жылдың соңына дейін шамамен 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Аяпбергенов мәлімдеді.
Шаруаларға 74 мың тонна арзандатылған дизель отыны жөнелтілді
Еліміздің Энергетика министрлігі биылғы егіс науқанына 401 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлді. Дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекіту кестесі және бағасы айқындалды. Операторлардың шығындарын ескере отырып, шаруалар үшін түпкілікті баға литріне 254 теңгені құрайды, бұл нарықтан 15%-ға арзан. Қазір нарықтық баға литріне 295 теңгені құрап отыр. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың ОКҚ брифингінде мәлімдегендей, кестеге сәйкес ақпан-сәуір айларына дизель отынын жөнелту жоспарына сәйкес 94 мың тоннаға шарттар жасалды және төленді, 74 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілді.
Биыл майлы дақылдар мен картоп егілетін алаңдар аумағы ұлғаяды
Өңір әкімдіктерінің деректері бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 23,7 млн гектар жерге орналастыру жоспарда бар, бұл былтырғы көрсеткіштен 413 мың га артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдары 115 мың га қысқарып, 16,6 млн га құрайды. Бидай алаңы өткен жылмен салыстырғанда 187 мың га қысқарып, 13 млн га орналасады. Бұл жайлы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ брифингінде хабарлады.
Астанадағы әскери мұражайда «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты көрме ашылды
Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери-тарихи мұражайы Қазақстан Суретшілер одағы және Өнер академиясымен бірлесіп Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған көркем көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Қанат Бозымбаев өңірлік даму мәселелері бойынша Жобалық офис отырысын өткізді
Күн тәртібінде «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру барысы мен ауылдық елді мекендерге жүргізілген скрининг нәтижелері қаралды. Скрининг 220 ауылдық елді мекенді қамтыды. Жұмыс «Ауыл аманаты» жобасы аясында Ұлттық экономика министрлігі, облыс әкімдіктері және «Amanat» партиясымен бірлесіп жүргізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.